Путиннің баспасөз хатшысы президенттің некеге тұрғаны туралы хабарды жоққа шығарды
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин мен көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы Алина Кабаевамен Валдайда некеге тұрғаны туралы қаңқу сөздерді жоққа шығарды, деп хабарлады Утро.ру.
«Әлеуметтік желілерде Путинді жұрт жұма күні Ново-Огарев резиденциясында көрді, ал дүйсенбі күні оны Сочидегілер қарсы алды дегеніне қарамастан алып қашпа әңгімелер лезде тарап кеткен. Таза теориялық тұрғыдан қарасақ, қандай адам осы екі аралықта Валдайға барып үлгереді, оның үстіне, жолшыбай некесін қидырады екен? Путин мен Кабаева туралы сыбыстар бұрыннан айта-айта жауыр болған тақырып», - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы.