Путиннің рейтингі тамызда көтеріліп, артынша төмен түсті - сауалнама

Айдың басында Ресей президентін қолдау рейтингі 87 пайызды құраған. Сұралғандардың 15 пайызы Путиннің атқарған қызметін құп көрмеген - өткен сауалнамамен салыстырғанда екі пайызға жоғары.
Респондеттер: «Елде іс дұрыс бағытта жүріп жатыр ма, әлде кері бағытта ма?», деген сауалға да жауап берген.
Оған 64 пайызы (айдың басында 66 пайыз) қанағаттанатындықтарын білдірген, теріс - 22 пайыз (айдың басында - 19 пайыз). Путиннің рейтингі 2014 жылдың басынан бастап өсті. Оны сауалнама жауаптарынан байқауға болады. Ол кезде "Левада-центр" деректері бойынша сұралғандардың 65 пайызы қолдаса, іс-әрекетін 34 пайызы мақұлдамаған.
Сенім білдіру жайындағы ашық сауалға Путинге 57 пайыз респонденттер оң жауап берді. Оның ізінше қорғаныс министрі Сергей Шойгу, ал Үкімет басшысы Дмитрий Медведев 18 пайызбен үшінші орында.