Путиннің атысты уақытша тоқтату туралы ұсынысы Ресейдің келіссөздерге деген позициясы – Лавров

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Путиннің атысты уақытша тоқтату туралы ұсынысы Ресейдің келіссөздерге деген ұмтылысы, деп мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров
Фото: mid.ru

Ол Ресейдің бұдан ұзақ мерзімге татуласуға күмәнмен қарайтынын айтты.

- Путин жариялаған біздің ұсынысмыз алдын ала шарттарсыз тікелей келіссөз жүргізудің бастамасы. Татуласу қазіргі таңда Киев режимін одан әрі қолдауға, оның әскери қабілетін нығайтуға бағытталған алдын ала шарт ретінде қарастырылады,- деп мәлімдеді Лавров БРИКС аясындағы министрлер кездесуінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз-мәслихатында.

Сонымен қатар Лавров Ресей аталған татуласуды таза жүзеге асыру үшін таза мониторингті көріп тұрған жоқ екенін мәлімдеді.

Осыған дейін Ресейдің АҚШ-тың Украина бойынша келіссөздерден шығу мүмкіндігіне пікір білдіргені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар