Пышақпен қаруланған ер адам балабақша қызметкерлеріне шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның Армавир қаласында пышақпен қаруланған ер адам «Манушак» балабақшасының қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды РИА Новости. 

Пышақпен қаруланған ер адам балабақша қызметкерлеріне шабуыл жасады

Оқыс оқиға туралы құқық қорғау органдарына мектепке дейінгі білім мекемесінің қызметкері хабарлаған.

Оның айтуынша, қаскөй балабақша ғимаратының ішіне жасырынған. «Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде», - деген жергілікті полицияның талдау, ақпарат және БАҚ-пен байланыс бөлімінің бастығы Эдгар Джаноян басқа мәлімет бермеді.
Жәбірленген туралы мәліметтер жоқ.

Журналист Гагик Шамшянның өз сайтында жазуына қарағанда, ер адам балабақша қызметкерлері мен балаларды кепілге алған.
Кейінірек БАҚ-та қаскөйдің бір баланы кепілде ұстап тұрғаны туралы хабар таралды, басқа адамдар босатылған.

Фото:© РИА Новости / Кирилл Каллиников