Qarmet акцияларына мемлекет қаражаты жұмсалған жоқ – Өнеркәсіп министрі

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Qarmet компаниясына кредиттік желінің ашылуы туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Канат Шарлапаев
Фото: кадр из видео

«Qarmet-тің 100 пайыздық акция пакетін және құбыр зауытын сатып алуға мемлекеттің ақшасы жұмсалмады. Кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне, Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға, осы кәсіпорынның өнім түрін кеңейтуге инвестиция салуға қаржы тарту мүмкіндігі бар. Осыны бизнес жүргізуде іскерлік тәжірибе деп санаймын», - деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, кәсіпорынды дамыту керек және осы бағытта қаражат қажет.

«Егер кәсіпорын болашақта қаржыландыруды алып, Қазақстанның басқа банктерімен бірге несие тартса, онда тұрған ешқандай айыбы жоқ», - деді министр.

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанның даму банкі «Qarmet» АҚ-ға несие желісін ашқаны хабарланған еді.

Еске салсақ, 2023 жылдың аяңында «АрселорМиттал Теміртау» ресми түрде QARMET болып өзгерді

Соңғы жаңалықтар