«Qarmet» компаниясы кеңейтіледі – Өнеркәсіп министрі

Qarmet's revival plan presented to Deputy PM Sklyar
Photo credit: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда мыс өндіру көлемі екі есе артады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті.

«Биылғы бірінші тоқсандағы қорытынды бойынша металлургия өнеркәсібінде өндірістің өсуі 4,3 пайызды құрады. Жыл соңына дейін болат өңдеу кәсіпорындарының («Qarmet» АҚ), «КСП Стил» ЖШС, «Shymkent Temir» ЖШС, «Ferrum Vtor» ЖШС, «Казферросталь» ЖШС, «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty LTD» ЖШС) өнім көлемін 4 млн тоннаға дейін ұлғайту (3,923 - дан 4 млн тоннаға дейін), тегіс прокат өндірісін 2,6 млн тоннаға дейін (2,456 - дан 2,550 млн. тоннаға дейін) және шойын өндірісін 3 млн тоннаға дейін (2,865 до 2,950 млн. тоннаға дейін) өсіру жоспарланған», - деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Сонымен қатар ол мыс бойынша өсу көлемі (419-дан 452 мың тоннаға дейін) «Қазмырыш» ЖШС (114,2%, 42-ден 48 мың тоннаға дейін), «Қазақмыс корпорациясы» (114% 214-тен 244 мың тоннаға дейін) және «KAZMinerals тобы» (100%, 121 мың тонна) есебінен қамтамасыз етілетінін айтты.

Мырыш (101%, 280-ден 285 мың тоннаға дейін) және қорғасын (101%, 95-тен 97 мың тоннаға дейін) бойынша «Қазмырыш» ЖШС, ал алюминий бойынша өсім «КЭЗ» АҚ-ның (261-ден 265 мың тоннаға дейін) есебінен қамтамасыз етіледі.

«Орта мерзімді перспективада 2029 жылға дейін Абай облысындағы жаңа мыс балқыту зауытының жобасын іске асыру есебінен мыс өндіру көлемін 450 мыңнан 1 млн тоннаға дейін екі есе ұлғайту жоспарланған. Жобаны іске асыру экспортталатын мыс концентратының барлық көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. «Qarmet» ЖШС-нің кеңеюі, сондай-ақ қуаты 1,2 млн тонна болатын арнайы мақсаттағы («Казахсталь») болат өндіру бойынша жаңа жобаларды іске асыру есебінен болат өндірісі 10 млн тоннаға дейін артады. Мұнымен қоса, ERC компаниясы BAOWU Steel компаниясымен бірігіп Рудный қаласында темір кені шикізатын тереңдетіп өңдеуді іске қосуды жоспарлап отыр. Ыстық брикеттелген темір өндірісі болат өндірісі үшін 100% шикізат базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар