Qatar Total Open: Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Доха қаласында өтіп жатқан Qatar Total Open жарысындағы кездесуін жалғастырудан бас тартты, деп жазады Vesti.kz.

Qatar Total Open: Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартты

WTA сериясының әйелдер арасындағы жекелей сынының екінші кезеңінде қазақстандық теннисші пуэрторикандық Моника Пуигпен күш сынасқан. Алайда Путинцева 2:6, 6:4, 1:2 есебі кезінде кездесуде жалғастырудан бас тартты. Осылайша ол жарыс жолынан шығып қалды. Кездесу 1 сағат 48 минутқа созылды.

Айта кетейік, Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 15-ші ракеткасы Тимея Бачинскимен жолыққан. Бұл кездесуде швейцариялық теннисші 6:1 есебімен ұтылып жатқанда жарысты жалғастырудан бас тартқан.