Qazaq Air әуе компаниясына Өзбекстанға қатынауға рұқсат берілді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қазақстандық Qazaq Air компаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстерді орындауға рұқсат алды. Бұл туралы «Узавиация» агенттігі хабарлады.

Qazaq Air
Фото: Узавиация агенттігі

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге сәйкес, 2024 жылдың 13 наурызында «Узавиация» агенттігі Qazaq Air әуе компаниясына Түркістан – Самарқанд – Түркістан бағыты бойынша Өзбекстанға тұрақты рейстерді орындауға рұқсат берді.

Рейстер DHC-8-402 ұшақтарында жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар