«Qazaq Air» әуе компаниясы ұшақтарымен 900-ден астам жолаушы ұшты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамызда «Qazaq Air» АҚ аймақтық бағыттар бойынша (Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар қалалары) жолаушыларды тасымалдауды бастады, деп хабарлайды «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметінен.
None
None

28 тамызда әуе компаниясы Алматыдан Павлодарға алғашқы рейсті орындады, ал 30 тамызда Шымкент-Павлодар-Шымкент рейсін орындады. «Павлодар әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Владимир Иванович Юдиннің айтуынша, Павлодар мен Шымкент қалаларының арасындағы әуе қатынасы 10 жылдан астам уақыт болмаған және «Qazaq Air» аймақтық әуе компаниясы оны қалпына келтірген алғашқы әуе компаниясы болды. Алғашқы бес күн ішінде аймақтық тасымалдаушының қызметін 900-ден астам жолаушы пайдаланды. «Qazaq Air» АҚ - Қазақстандағы аймақтық бағдарлар бойынша қызмет көрсететін жаңа әуе компаниясының акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі.

Соңғы жаңалықтар