QAZAQ AIR әуе компаниясының Алматы-Тараз бағытындағы рейсі ашылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - QAZAQ AIR әуе компаниясы көктем-жаз маусымына арналған жаңа ұшу кестесіне 2017 жылдың 5 мамырынан бастап, Алматы-Тараз-Алматы бағытында тұрақты рейсті енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ӘК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Енді аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері Алматы тұрғындары Қазақстанның ең көне қалаларының бірі - Таразға «Bombardier Q400 NextGen» ұшағымен саяхаттай алады», делінген хабарладама.
Ұшу ұзақтығы 55 минут болатын Алматы-Тараз рейсіне билет құны - 12 041 теңге.
«QAZAQ AIR» - Қазақстанның ішкі өңірлеріне жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниясы. Оның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры» ҰК-ға тиесілі.