QAZAQ AIR басшысы Еркін Наурызбаев қызметінен кетті

еркін наурызбаев
Фото: Qazaq Air баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM - 29 ақпанда Еркін Наурызбаев QAZAQ AIR АҚ басқарма төрағасы қызметін аяқтады.

De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Әнесұлы Наурызбаев QAZAQ AIR әуекомпаниясын 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарды. Ол отандық әуекомпанияның тізгінін үстаған алғашқы қазақстандық авиация маманы.

Еркін Әнесұлының авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл.

Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген уақытында әуекомпания Skytrax беделді халықаралық авиациялық рейтингінің нәтижелері бойынша екі рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуекомпанияларының үштігіне кірді.

2023 жылы әуекомпания de-Havilland Dash 8-Q400 бес әуе кемесінде 588 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.

Бұл – әуекомпания тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Сондай-ақ, оның басқару кезеңінде халықаралық және тұрақты әуе маршруттарының саны артты, жаңа әлеуметтік маңызы бар өңірлік рейстер ашылды, сондай-ақ 2024 жылдың басынан бастап әуе билеттерін тарату желісі кеңейтілді.

Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Мұратұлы Жақыповқа жүктелді.

Соңғы жаңалықтар