«Qazaq Air» компаниясының әуе рейстері кестесі өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшетіндігіне байланысты 1 наурыздан бастап «Qazaq Air» әуе компаниясының рейстер кестесіне өзгерістер енгізіледі. 

Qazaq Air Астанадан Новосібірге әуе қатынасын жаңартады
Фото: flyqazaq.com

Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес 5-ші сағат белдеуі (UTC +5) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады. Сондай-ақ 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары) кейін шегеріледі.

Осыған байланысты, «Qazaq Air» әуе компаниясы келесіні хабарлайды: 

2024 жылдың 29 қаңтарына дейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылдың 1 наурызында 00:01-ден бастап (Астана уақыты бойынша) рейс билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалатынына назар аудару қажет!

«Биылғы жылдың 29 қаңтарынан кейін әуе билеттерін сатып алған жолаушылардың жоғарыда аталған бағыттар бойынша әуе билеттерінде жаңа белдеуге сәйкес уақыт көрсетілгенін атап өтеміз. Ұшу және келу уақытының өзгеруі туралы ақпарат жолаушыларға SMS-хабарламалар түрінде және әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілді», - дейді әуе компаниясынан.

Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар +7 727 353 1414 нөмірлі қолдау қызметіне хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар