12:19, 08 Ақпан 2024 | GMT +5
QAZAQ AIR рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті
АСТАНА. KAZINFORM - QAZAQ AIR Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты өз рейстерінің кешігуі мен тоқтатылуы мүмкін екенін хабарлады.

«Рейстер бойынша ақпарат жолаушыларға әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректемелер бойынша ұялы телефонға хабарламалар түрінде және электрондық пошта арқылы жіберіледі. Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады", - деп хабарлайды QAZAQ AIR баспасөз қызметі.