Қазақстандық әуекомпания Түркістан – Самарқанд бағытында әуе рейсін ашады

Qazaq Air Түркістан – Самарқанд әуе рейстерін ашады
Фото: «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялармен бірлесе отырып Қазақстанға рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, осы жылдың 15 наурызынан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті әуе кемелерінде орындалады.

Әуе қатынасының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram