Qazaq Banki-нің жеке тұлғаларға депозиттер ашуға лицензиясы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Qazaq Banki-нің жеке тұлғаларға депозиттер мен шоттар ашуға лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Qazaq Banki-нің жеке тұлғаларға депозиттер ашуға лицензиясы тоқтатылды

«Ұлттық банктің 27 сәуірдегі қаулысымен 2018 жылдың 28 сәуірінен бастап 2018 жылдың 27 шілдесіне дейін «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың банк шоттары мен депозиттерін ашуға лицензиясы тоқтатылды», - деп хабарлады  қаржы реттеуші.

Аталып өтілгендей, мұндай шешім  банктің «ҚР  банктері мен банк қызметтері туралы» Заңының 48-бабы 1-тармағындағы талаптарының бұзылуына байланысты қабылданды.

Лицензия жеке тұлғаларға жаңа депозиттер мен жаңа банк шоттарын ашу үшін тоқтатылды. Бұл шараның банктің қазіргі депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Qazaq Banki-нде қабылданған жеке тұлғалардың депозиттер көлемі 41 млрд теңгені құрайды.