QazaqGeography қоғамында биыл 14 жоба іске асырылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде географиялық және экологиялық ғылымдарды дамытуға барынша белсенді үлес қосатын ортаның бірі - ол Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы. Бұнда елімізде орын алатын географиялық және экологиялық мәселелерді академиялық ортаның қатысуымен шешудің нақты жолдарын іздеу мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар біріктірілген.

QazaqGeography қоғамында биыл 14 жоба іске асырылмақ

Айта кету керек, QazaqGeography көкейтесті ғаламдық және мемлекеттік мәселелерді, оның ішінде: еліміздің тұрақты дамуының географиялық аспектілері мен «жасыл» экономикаға өту, Қазақстан Республикасының заманауи геосаясаттағы және геокеңістіктегі дамуы, еліміздің су жүйесі қауіпсіздігі, шөлейттену мәселелері, трансшекаралық су мәселелері, географияның салалық ғылым ретінде дамуы, эко және биоорта мәселелері, климаттың ғаламдық өзгеруі мен полярлық зерттеулер, Қазақстанда экотуризмді дамыту сияқты мәселелерді қамтиды.

2016 жылы географиялық қоғаммен 16 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Айта кетейік, былтыр 15-26 маусымда QazaqGeography-ның «Ұлытау-Арал» экспедициясы ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша GPS жүйесінің көмегімен Кіші Аралдың микробиологиясы және ғарыштық байқау бойынша деректер алынды. Сол жылдың  мамыр-қараша айларында Nomad 4x4 ЖК бірге автомобиль турларына арналған «Nomad 4x4» демалыс күндік маршруттар» 11 маршруты әзірленді. Оған қоса, «Авалон» тарихи-географиялық қоғамымен бірге Ұлытау өңірі бойынша 3 тілде, қалтаға салатын туристік жол көрсеткіш шығарылды. Ал  қыркүйекте геоглифтердің ғылыми әлеуетін және өңірдің туристік әлеуетін бағалау мақсатында торғай геоглифтеріне алдын ала барлау экспедициясы өткізілді. 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылғы қаңтар аралығында Қазақ географиялық қоғамымен бірге Антарктидаға «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.

Тағы бір айта кететін жайт, студенттермен, оған қоса жас буынмен байланысты одан әрі дамыту мақсатында, сонымен қатар география ғылымын дамыту әрі ілгерілету үшін Назарбаев Университетінде Назарбаев Университетінің студенттерін біріктіретін «QazaqGeography» студенттік клубы іске қосылды.

QazaqGeography қоғамының 2017 жылға жоспарлаған іс-шаралары былтырғы жылмен салыстырғанда осал емес. Биыл қоғам 14 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.  2017 жылдың  алғашқы жобасы «Киелі Қазақстан» Орталық және Батыс Қазақстанның киелі жерлеріне ғылыми-танымдық экспедициясы, экспедиция 2017 жылдың  10-25 маусым аралығында өтеді. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасын әйгілеу мақсатында 2017 жылдың маусым-қазан айлары аралығында  «Менің Қазақстаным» атты фото-байқау өткізіледі. Одан кейін Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) мен бірлесіп «Ең әдемі ел» фото-көрмесі өткізіледі. 2017 жылдың 25-30 шілде аралығында Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Павлодар облысында «Хан Қорық» жастар фестивалі өтеді. Ал 2017 жылдың қыркүйек айында Семей қаласында Императорлық Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімінің 115 жылдығына орай «Қазақстанда география ғылымынын дамуы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Айта кетейік, QazaqGeography географиялық қоғамына кіру үшін алдымен qazaqgeography.kz сайтына тіркелу қажет. Мүшелік қоғамның іс-шараларына қатысуға құқық береді.