Qazaqstan Barysy: Финалға шыққан балуандар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Qazaqstan Barysy турнирінің 2021 жылдағы алғашқы финалистері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Qazaqstan Barysy: Финалға шыққан балуандар анықталды

Жамбыл облысының намысын қорғаған Ғалымжан Қырықбай турнирдің 2017 жылғы жеңімпазы Еламан Ерғалиевті «таза жеңіспен» қапы қалдырды.

Осылайша ол екінші мәрте Qazaqstan Barysy атану мүмкіндігін жіберіп алды.

Qazaqstan Barysy турнирінің екінші финалисі де белгілі болды.

Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен белдескен шығысқазақстандық Дәурен Нұралинов қарсыласынан бүк ұпаймен басым түсті.

Осылайша Qazaqstan Barysy Х республикалық турнирінің финалында бұрын ақтық сынға шығып көрмеген балуандар шығып отыр.

Еске салсақ, тағы бір Qazaqstan Barysy Мұхит Тұрсынов турнирден бірінші айналымда шығып қалды.

Тағы бір Qazaqstan Barysy Айбек Нұғымаров ширек финалда қызылордалық Еламан Ерғалиевтен ұтылып қалған болатын.