Qazaqstan Project Management Awards -2023 ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
«Алтын сапа» ұлттық сыйлығын табыстауға арналған іс-шара аясында «Qazaqstan Project Management Awards -2023» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Kazinform.

Жүлделерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин табыстады.
Сонымен «Орталық мемлекетті органдар» санатының «Жылдың үздік жобасы» аталымында Энергетика министрлігі, «Жергілікті атқарушы органдар» санатының «Жылдың үздік жобасы» аталымында Астана қаласының әкімдігі, «Квазимемлекеттік сектор» санатының «Жылдың үздік жобасы» аталымында Республикалық қала құрылысын жобалау және кадастр орталығы жеңімпаз болды.
Мұнан бөлек, жоғары оқу орындары арасында Павлодар қаласындағы Торайғыров университеті «Жылдың үздік жобасы» атанды.
Дәл осы аталымдағы келесі сыйлық «Мағжан және Е» ЖШС-іне берілді.
«Орталық мемлекеттік органдар» санатының «Жылдың ең үздік менеджері» аталымында Энергетика министрлігі жобалық кеңсесінің басшысы Айбек Ибатуллин, «Жергілікті атқарушы органдар» санатының «Жылдың үздік менеджері» аталымында Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абай Тұралханов, ал квазимемелкеттік секторлардың арасында «Жылдың үздік менеджері» аталымында «KEGOC» Акционерлік қоғамының бас менеджері Құралай Айтжанова, бизнес санатында «Supersonic» ЖШС-ның жобалық менеджері Игорь Волнухин марапатқа ие болды.
«Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жылдың үздік жобасы» аталымында марапат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына табысталды.
«Жылдың үздік экологиялық жобасы» аталымында «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС марапатталса, Мемлекеттік басқару академиясы Жетісу облыстық филиалының директоры Бақыт Злобин «Жылдың үздік асессоры» атанды.