QAZAQSTAN ұлттық арнасында жаңа сараптамалық жоба эфирге шықты

 АСТАНА. ҚазАқпарат - QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында жаңа халықаралық ақпараттық-сараптамалық бағдарлама жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

QAZAQSTAN ұлттық арнасында жаңа сараптамалық жоба эфирге шықты

Әр сенбі сайын 20:35-те көрсетілетін «Жер-жиһан» хабарын танымал журналист Ғалым Боқаш жүргізеді. Онда апта ішінде болған әлемдік оқиғаларға жан-жақты талдау жасалады және түрлі сарапшылардың пікірі ұсынылмақ.

Ғалым Боқаш - шығыстанушы, журналист. 2000 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында еңбек еткен.