QazAvtoJol Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары ұсталды

QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Kazinform.

жемқорлық
Фото: Kazinform

«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттіктен.

Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.