«QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылатын болды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

«QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылады

ВАК мәліметінше, Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды:

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды;

- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да мемлекеттік тіркеуі өткізілді;

- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді;

- Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.