19:54, 31 Наурыз 2021 | GMT +5
«Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны қанша
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны – 4,7 доллар. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Бүгінгі таңда біз «СҚ-Фармациямен келісім жасадық. Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны – 4,7 доллар. Бұл вакцинаның таза өзіндік құны. Ары қарай қаншаға сатылатынына қатысты мәселе менің құзіретімде емес», - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.
Еске сала кетсек, бұған дейін QazCOVID-in вакцинасы қалай әзірленгені туралы жазған болатынбыз.