Qazkom клиенттерін олардың жинақ ақшалары сақталады деп сендірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Qazkom Фейсбуктағы парақшасында өз міндеттерін толық атқарып, клиенттерінің жинақ ақшалары сақталатынына толық кепілдік беретінін хабарлады.
«Сіздердің сенімдеріңіз - біздің басты құндылығымыз, сол себепті QAZKOM-дағы жағдайға байланысты сұрау салғандарға банк қалыпты режіме жұмыс істеп жатқанын жеткіземіз. Барлық банкомат жұмыс істеп тұр, төлем жасау және аудару операциялары жүргізілуде. Біз ешқашан сыбыстар мен дереккөзі белгісіз ақпараттар үшін пікір білдірмейміз, алайда біздің клиенттеріміздің бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпараттарға байланысты алаңдаушылық білдіруіне орай банк өз міндеттерін толық атқарып, клиенттерінің жинақ ақшалары сақталатынына толық кепілдік беретінін мәлімдейміз. Келесі аптада біз аудит нақтылаған банктің 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялап, басқа да сұрақтарға жасап беретін боламыз», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап Қазақстан аталған банкті құтқару үшін ірі көлемде шұғыл қарыз бергенін хабарлаған болатын. Ондағы деректер бойынша банкті құтқару үшін 4,5 млрд доллар қажет болуы мүмкін.