Qazqom мен Halyk bank-тің қосылу процесі қашан аяқталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференциясы барысында Qazqom мен Halyk bank-тің қосылуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазіргі таңда екі банктің қосылу процесі жалғасып жатыр. Бұл процес 2018 жылдың соңында аяқталуы тиіс, бұл бағыттағы жұмыстардың аяқталу мерзімінің сақталатынына сенеміз. Ірі қаржылық институттарды біріктіру процесі өте күрделі. Жоспарлағаннан да ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Төзімді қаржылық институт жасау, қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын толығымен қорғау - біздің негізгі мақсатымыз», - деді Ақышев.

Осы сәтте Ұлттық банк басшысының онлайн-конференциясы өтіп жатыр. 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отыр.

Соңғы жаңалықтар