Qazsport бокстан ӘЧ финалын 22.00-де көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан әлем чемпионатының ақтық айқасы Гамбургте (Германия) сенбі, 2 қыркүйек күні өтеді және Астана уақытымен сағат 22:010-де басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Ақтық жекпе-жекті «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Бұрын хабарланғандай, үш қазақстандық боксшы әлем чемпионатында өз салмақ дәрежелері бойынша финалға жолдама алған еді. «Алтын» жүлде үшін Қайрат Ералиев (56 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) бақ сынайды.

Турнирдің шешуші кезеңінде елдердің өкілдер саны бойынша Қазақстан үшінші орында. Куба - жеті боксшымен көш бастап тұрса, екінші орынды Өзбекстан - төрт боксшымен иеленді. 

Соңғы жаңалықтар