«Qazsport» дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирін тікелей эфирден көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирін Қазақстан тұрғындары «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирден көре алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақстан» РТРК-ға сілтеме жасап.
Дзюдодан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы үстіміздегі жылдың 26-28 қазанында Әбу-Дабиде өтетін «Grand Slam» турниріне апаратын құрамды анықтады.
Қазақстан құрамасының мүшелері:
Ерлер:
Ғусман Қырғызбаев (60 кг)
Елдос Жұмақанов (66 кг)
Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)
Бекәділ Шаймерденов (73 кг)
Ерасыл Сәкенұлы (73 кг)
Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
Назгүл Құбашева (63 кг)
Зере Бектасқызы (70 кг)