QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмысы қай сатыда

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қазақстандық «QazVac» вакцинасын тіркеу жұмысы қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тіркеуінен өткізу бойынша екіжақты жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Вакцинаны тіркеудің халықаралық талаптары бар. ДДСҰ мамандары былтыр келген. Биыл онлайн аудит жүргізді. Енді ДДСҰ-ның тұтас миссиясы келмекші. Солларды күтіп отырмыз. Олар вакцинаны қалай өндіріп жатқанымызды, сараптама қалай өткенін, халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексереді», - деді ол БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Қазақстан жағы ДДСҰ-ның бұған дейінгі ұсынымдарын орындағанын еске салды.

«Біз олардың ұсынымдарын түгел орындадық. Енді келесі миссияның келуін күтіп отырмыз. Солармен әрі қарай жұмыс істейміз. Бізден талап етіп отырғандары – бүкіл шара халықаралық стандарттарға сай болуы керек», - деді Ажар Ғиният.


Фото: ortcom.kz




Соңғы жаңалықтар