«Qnet» халықаралық қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тексеру басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесі «Qnet» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Qnet» халықаралық қаржы пирамидасының  басшыларына қатысты тексеру басталды

Компанияның Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ.

«Іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты үйқамаққа алу шарасына санкция берілді»,-делінген Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарламада.

Тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.