Qnet LTD пирамидасын ұйымдастырған әйел елден жинаған ₸36,5 млн-ды қайтарған соң іс жабылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Qnet LTD пирамидасын ұйымдастырған әйел елден жинаған ₸36,5 млн-ды қайтарған соң іс жабылды

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржы пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.

30-дан астам адам қылмыстық әрекеттің құрбаны болды.

Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді.

Осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.