QR-111: биыл балалар 60 мың өтініш жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Құрылтайдағы Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылар мәселесін шешуге қатысты іске қосылған QR-111 жүйесіне түсінік берді.
- 2025 жылы QR-111 арқылы әртүрлі мәселелер бойынша 124 мың бала жүгінсе, 2026 жылы 60 мың өтініш келіп түсті. Барлық балаға жедел кәсіби көмек көрсетілді, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Бұған дейін мектептердегі «111» QR-кодына күн сайын 600 шағым түсетіні мәлім болды.
Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева 3 жылдың ішінде 300 мыңнан астам қиын жағдайдағы немесе көмекке мұқтаж балалар уақытылы анықталғанын айтты.