Р.Баталов: Үкімет жанындағы Дағдарысқа қарсы кеңестің негізгі мәселелерінің бірі ? тексеру амалдарын жетілдіру

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ - Үкімет жанындағы Дағдарысқа қарсы кеңестің негізгі мәселелерінің бірі - тексеру амалдарын жетілдіру.
None
None
Бұл туралы кеше Алматыда өткен National Business Forum-2009 форумында Дағдарысқа қарсы кеңес төрағасының орынбасары Райымбек Баталов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұған дейінгі жылдары тексеру амалдарын оңтайландыру бағдарламасы жұмыс істегені аян. Бірақ, өкінішке орай ешқандай нақты нәтижеге қол жеткізілген жоқ болатын. Бүгінде біз, нақты бизнес осы нәтижені сезінеді деп үміттенеміз. Тексерулерді регламенттеу туралы мәселені «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңымен бекіту туралы шешім қабылданып отыр. ҚР Парламенті тексерулерді бекітетін 67 заң мен 8 кодекске түзетулер енгізуде. Егер осы жұмысты аяқтап, түзетулерді 2009 жылғы шілденің 1- іне дейін енгізе алсақ, бизнес-қоғамдастық бастаманың нәтижесін нақты сезіне бастайды», деді Р.Баталов өз сөзінде. Қазір қаралып жатқан екінші мәселе - рұқсатнама жүйесін жетілдіру мәселесіне тоқталған Р.Баталовтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінен жасақталған 22 жұмыс тобы лицензияланатын қызмет түрлерін, бизнес күн сайын кездесетін сертификаттау және басқа да рұқсатнамалық құжаттарды түбегейлі қысқарту туралы мәселелерді қарастыруда. «Рұқсатнама амалдарын біртіндеп және кезең-кезеңмен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру туралы саяси шешім қабылдаудың маңызы зор. Менің ойымша, жақын күндері бізде нақты мысалдар болады. Және бұл жерде, салалық қауымдастықтардың жұмылып әрекет етуі өте маңызды», - деп атап көрсетті танымал кәсіпкер.
Соңғы жаңалықтар
Референдум