Р.Ердоған ДАИШ-тің Түркияға мұнай жеткізгені дәлелденсе қызметтен кетуге сөз берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркия «Ислам мемлекеті» содырларынан мұнай сатып алып жатқаны дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлады РБК түріктің Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.
None
None

Бұл туралы түрік лидері ресейлік президент Владимир Путиннің Су-24 жойғышына шабуылды ИМ-нің Түркияға мұнай тасымалдауын қорғаудың әрекеті деп атаған соң айтты.

Ердоған мұндай айыптауларды айту үшін дәлелдер керектігін айтты.

Сонымен қатар ол Түркия қай елдерден мұнай сатып алатыны белгілі екендігін жеткізді.

«Біз мұнайды Ресей, Иран, Әзербайжан, Катар және Нигериядан сатып аламыз. Сондықтан бұл айыптаулар жөнсіз», - деп атап өтті Ердоған.

Париждегі Климаттық конференциядан кейінгі баспасөз-конференциясында Ресей президенті Су-24 жойғышына шабуылдау себебі «Ислам мемлекеті» содырларының Түркияға мұнай тасымалдауын қорғаудың әрекеті болуы мүмкіндігін айтты.

«Қазір бізде ДАИШ бақылайтын жерден өндірілетін мұнай Түркия аумағына жеткізілетіні жайлы қосымша ақпарат алдық, - деді Путин. - Осыған байланысты мұнайды тасымалдауды қорғап қалу үшін біздің ұшаққа шабуыл жасады деп ойлауымыздың негізі бар». «Біз қай елдерден мұнай сатып алатынымыз барлығына белгілі. АҚШ қазынашылығы «Ислам мемлекетінен» мұнай сатып алатындардың бірі - бұл Ресей мен Сирия азаматы екенін хабарлаған. Алдымен осы үшін жауап берсін», - деген Ердоғанның сөздерін ТАСС келтірді. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі Сирия бойынша санкцияланған тізімге ресейлік бизнесмен және ФИДЕ басшысы Кирсан Илюмжиновты енгізді. Сол кезде санкцияға Ресей мен Сирия азаматы Джордж Хасвани да ілікті. АҚШ оған Башар Асад үкіметінің мүддесіне сәйкес «Ислам мемлекетінен» мұнай сатып алды деген күдікпен қарауда.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Вести неделиге» берген сұхбатында түрік президентінің ұлы мұнай бизнесіне қызығушылық танытатыны жөніндегі ақпарат бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар