Ірі инвесторларға салынған айыппұлдың күші жойылды
АСТАНА. KAZINFORM — «Прокурорлық сүзгімен» облыстағы 2 ірі инвесторды прокурордың келісімінсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы баспасөз қызметі хабарлады.
Жетісу облысында маңызды инвестициялық жобаларды қолдау, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша дәйекті жұмыс жалғасып жатыр.
— «Прокурорлық сүзгімен» облыстағы 2 ірі инвесторды прокурордың келісімінсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.
Талдықорған қаласының полиция басқармасы «Алмаз Керамикс» ЖШС керамикалық плитка шығаратын зауытқа және «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумулятор шығаратын зауытқа екі рет айыппұл салған, — делінген хабарламада.
Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актілері бойынша 300 мың теңгеден астам айыппұл салынған әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.
Айта кетелік Ақтауда «ҚазАзотқа» атмосфераны ластағаны үшін 8,5 млн теңгеге айыппұл салынған еді.