Р.Кадыров баласы үшін Интернеттегі улы уағыздардан қауіптенетін айтты

АСТАНА.ҚазАқпарат - Шешенстан Президенті Рамзан Кадыров уаххабидтердің улы уағызын тыңдауға мүмкіндік беріп, жастарды теріс тәрбиеге итермелейтін интернетті сынға алды. Оны дүниежүзілік желіден алып тастау туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлады ВВС.

Р.Кадыров баласы үшін Интернеттегі улы уағыздардан қауіптенетін айтты

«Республикада интернеттің іске қосылуын армандаған кезім болған, ал қазір оны алып тастағанын қалаймын. Әр үйде интернет бар. Кез келген адам уаххабиттің уағызына елтіп кетуі әбден мүмкін. Өз ұлым да қандай да бір теріс насихаттың ықпалына түсе ме деп қауіптенемін», - деді Р.Кадыров.

Кадыровтың айтуынша, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан интернет қажет, алайда оның теріс жағының ықпалы зор болып отыр.

РФ-да интернетті шектеу мәселесі БАҚ-та жиі талқыланады.