Р. Кәрібжанова: Мәжіліс депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау - елімізде парламентаризмді дамытудың жаңа белесі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарының парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасы қазақстандықтардың саяси кемелділігінің жоғары екендігін білдіреді, - деп санайды «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Роза Кәрібжанова.

Р. Кәрібжанова: Мәжіліс депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау - елімізде парламентаризмді дамытудың жаңа белесі

«Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер етпей қойған жоқ. Қазір, біздің ел үшін жаңа саяси кезең басталып келе жатыр. Алдымызда әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену міндеті тұр. Бұл үшін Елбасы Ұлт жоспары деп аталатын «100 нақты қадамды» ұсынды», - деді Р. Кәрібжанова.

Ол сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің қазіргі шақырылымы ғаламат жұмыстар атқарғандығын айтты. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Парламент қабырғасында өте маңызды заңдар қабылданды.

«Енді менің ойымша, бұл аталған реформалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін Мәжіліске жаңа адамдар келуі керек деп ойлаймын. Сол үшін де бұл сайлауды - еліміздегі парламентаризмді дамытудың жаңа тарихи белесі деп санаймын. Оның үстіне Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын қатар өткізу - бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Р. Кәрібжанова.