Р. Құрманов Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды - АШМ

Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы 17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2003 жылы - «АӨК салаларындағы экономист-менеджер» мамандығы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін үздік бітірді.
2003 - 2007 жж. - «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2003 жылдың мамыр айынан мемлекеттік қызметте бас маман лауазымынан бастады.
2009 - 2011 жж. - Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өндеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті Азық-түлік нарығы басқармасының басшысы.
2011-2013 жж. - Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың құрмет грамотасымен және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.