Р.Отынбаева БАҚ өкілдеріне Қырғызстандағы жағдай туралы хабардар етті

БІШКЕК. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Жогорку Кенеш (Қырғызстан парламенті) ғимаратында өтпелі кезеңдегі ҚР президенті, уақытша үкімет төрайымы Р.Отынбаева баспасөз мәслихатын өткізді.
None
None

Шара барысында Р.Отынбаева елдегі ағымдағы жағдай, елдің оңтүстігіндегі жағдайды тұрақтандыру жөнінде уақытша үкімет қолға алып жатқан шаралар, сондай-ақ ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері басшыларымен ҚР оңтүстік облыстарындағы жағдайды реттеудегі өзара іс-қимыл нәтижелері туралы хабардар етті.

Елдің оңтүстігіндегі жағдай бірте-бірте қалыпқа түсіп келе жатқаны атап өтілді. Тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікті бірқатар адамдар ұсталған. Ош және Жалалабад облыстарына ұлтаралық жанжалға соқтырған тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу фактілері бойынша тергеу амалдарын жүргізу үшін жедел-тергеу топтары ұшып шықты.

Халықаралық қоғамдастықтың елдегі қайғылы оқиғаға үн қатуына қатысты Р.Отынбаева БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы келіссөздер жүргізілгенін хабарлады, ол Қырғызстанның оңтүстігіндегі жағдайға орай алаңдаушылығын білдірді және жағдайды тезірек қалыпқа түсіру үшін барлық күшті салуға шақырды. БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ тарапынан гуманитарлық көмек беру ниеті айтылды.

ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің басшылығымен жедел келіссөздер өткізілді. «Олар жағдайды толық түсініп отыр. Ресей, Қазақстан және Өзбекстан бізге гуманитарлық, техникалық көмек беруге әзір. Ресейліктер гуманитарлық көмекті шиеленіс сақталып отырған жерлерге жеткізу үшін қажетті бронды техника ұсынады.

Бұдан басқа, ҰҚШҰ мүшелерімен Қырғызстанның оңтүстігіндегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселесі ұйымға кіретін мемлекеттер басшыларымен келісу үдерісінде екені атап өтілді. «Әзірге ел аумағына бітімгершіл күштерді енгізудің қажеті жоқ деп табылды. Дегенмен республиканың күш-қуат құрылымдарына барлық қажетті көмек көрсетіледі», деді Р.Отынбаева.

Ұлыбританияда тақтан түскен ҚР президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максимнің ұсталуына түсініктеме бере отырып, Р.Отынбаева оның қылмыстық әрекеттерін көрсететін біраз фактілер бар, ол тиісті жауап береді, деп атап өтті.

Уақытша үкімет төрайымы сондай-ақ Бішкекте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр деп сендірді, бұл орайда әртүрлі ұлт өкілдері тұратын аудандарға баса көңіл бөлінеді.

Оның айтуынша, ертеңгі күннен бастап республикада елдің оңтстігінде жаппай тәртіпсіздік салдарынан қазаға ұшырағандарды аза тұту жарияланады.

Соңғы жаңалықтар