Р.Отынбаева мемлекеттік БАҚ-тардың бас редакторларымен кездесті
Олардың арасында «Эркинтоо» газетінің редакторы Манас Осмонов, «Қырғыз туусу» газетінің бас редакторы Бақытбек Орунбеков, «Слово Кыргызстана» газетінің бас редакторы Тамара Слащева, сонымен қатар «Кабар» ҚҰАА директоры Қубанычбек Таабалдиев те бар. Кездесу барысында мемлекеттік БАҚ қызметінің көкейкесті мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар жұмыс процестерін оңтайландыру талқыланып, стратегиялық бағыттар нақтыланды. Көрші республиканың президенті БАҚ басшыларын елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін жан-жақты және объективті түрде жариялауға шақырды.
«Сіздер өздеріңіздің қызметтеріңізге байланысты халық пен биліктің арасын жалғастыратын көпір іспеттісіздер. Қазіргі елдегі жағдайды шынайы суреттеп, қоғамның көкейкесті проблемаларын анықтап, ақпарат беріп отыруларыңыз керек», - деп атап өтті Р.Отынбаева кездесу барысында.