Радиация Atlantis шаттлының компьютерлерін істен шығарды
АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансысына 10 шілдеде түйіскен Atlantis шаттлының астронавтарының бір аптаның ішінде екінші рет ғарыш аппаратының компьютер жүйесімен айналысуларына тура келді.
Бұл туралы Ұлттық ғарыш басқармасының (НАСА) ресми сайтында мәлім етілген, деп хабарлайды РБК.
Бүгінгі күн астронавтар үшін мазасыз болды; АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесумен, сондай-ақ бірқатар сұхбаттар берумен қатар ғарыш саяхатшылары компьютерлерді жөндеумен айналысты. Сарапшылардың пікірінше, ол ғарыштық радиация әсерінен істен шығуы мүмкін.
Барлық бес терминалды жөндегеннен кейін жүйе қалыпты жұмыс істеуде. Ғарыштық радиация көршілес ХҒС компьютерлік жүйесіне елеулі әсер еткен жоқ.