Радиацияның құрбандары болмайды - Жапонияның атомдық энергия жөніндегі комиссияның экс-төрағасы Фуджи-ие Еойчи
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазіргі кезде Фукусима атом электр стансасындағы жағдай тұрақталды. Онда ешқандай радиациялық қауіп жоқ. Сондықтан мен радиацияның құрбандары болмайды деп нақты айта аламын.
Бүгін Қазақстандағы атомдық саланы дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференцияда Жапонияның атомдық энергия жөніндегі комиссияның экс-төрағасы Фуджи-ие Еойчи осындай мәдімдеме жасады.
Оның хабарлауынша, қазіргі кезде атомдық реакторлардағы температура 100 градустан төмен түсті. «Сондықтан біз апаттың зардабын алдын алып, йод пен цезий сияқты ауа арқылы таралатын газдардың сыртқа шығуына жол бермедік. Қазіргі кезде Фукусима атомдық станциялардағы жағдай тұрақталды. Онда ешқандай радиациялық қауіп жоқ. Сол себепті мен радиацияның құрбандары болмайды деп ашық мәлімдеме жасай аламын», - деді өз сөзінде Фуджи-ие Еойчи.
Сарапшының сөзіне қарағанда, жалпы Фукусима апаты орын алғалы бері аймақтағы радиацияның деңгейі ұшақпен көтерілген кездегі көрсеткішпен тең болды. «Сондықтан оның адам денсаулығына айтарлықтай әсері болды деп айтуға болмайды», - деп атап көрсетті Фуджи-ие Еойчи.