Радикалды исламистердің пайда болуына батыстық режимдер жауапты - Джордж Галлоуэй

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Каддафиді тағынан одан да бетер зұлым тайдырды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Еуразия медиа форумында Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Джордж Галлоуэй мәлім етті.
None
None

Оның пайымдауынша, Сирияда және бұның алдында Ливияда болған жағдайдың траекториясы АҚШ-пен келісілген.

«Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи әлемдегі жаман басқарушылардың бірі болған шығар, бірақ та Каддафиді тағынан одан да бетер зұлым тайдырды. Сонымен қатар Башар Асадты Сириядағы басшылығынан құлататын болса, бұндай әрекетті одан да жаман адамдар істейді. Атап айтқанда бұндайды ұйымдастырғандарды құбыжық деуге болады»,-деді Д. Галлоуэй.

Оның сөзіне қарағанда, радикалды исламистердің пайда болуына батыстық режимдер жауапты. Осыған байланысты экстремизм деген ұғымдар пайда болды.

Соңғы жаңалықтар