Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары ант қабылдайды
деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты шараға курсанттардың ата-аналары мен туыстары, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің басшылығы, Алматы гарнизонының генералдары, соғыс, еңбек, Қарулы Күштер ардагерлері, дін өкілдері қатысады.
Ант қабылданғаннан кейін жас курсанттар ҚР Қарулы Күштерінің толыққанды жауынгері, институт ұжымының мүшесі атанады және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін және қарулы қорғанысын қамтамасыз ету үшін жоғары жауапкершілікті мойындарына жүктейді, халыққа, Елбасына адал қызмет етуге, конституциялық және жауынгерлік борыштарын абыроймен атқаруға өздеріне міндет жүктейді.
Институтта бес жыл оқығаннан кейін олар инженер мамандығымен қоса алғашқы офицерлік шен - лейтенант атағын қоса алып шығады.