Раджив Гандидің өліміне кінәлілерді түрмеден шығаруға әрекеттенген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Жоғарғы соты осы елдің бұрынғы Премьер-министрі Раджив Гандидің өліміне кінәлілерді түрмеден босатуға рұқсат берген жоқ.

Раджив  Гандидің  өліміне кінәлілерді  түрмеден шығаруға әрекеттенген

Тамлнад штатының үкіметі сәрсенбі күні үш айыптыны түрмеден шығару жөнінде шешім қабылдаған еді. Осыған байланысты жасалған сот мәлімдемесінде, «процессуалдық бұзушылыққа алаңдаулымыз және бұл мәселені жан-жақты зерттейміз»,- делінген.

Жоғарғы сот Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Раджив Гандидің өліміне кінәлі үш айыптының өлім жазасына кесілген үкімін өмірлерінің соңына дейін бас бостандықтарын айыруға ауыстырды, деп хабарлайды РИА "Новости".