Рафаэль Надаль мен Линдси Вонн жыл спортшылары атанды

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Теннисші Рафаэль Надаль мен тау шаңғышысы Линдси Вонн беделді Laureus Sports Awards-2011 сыйлығының нұсқасы бойынша жыл спортшылары атанды,
None
None

деп хабарлады «Спорт-экспресс» басылымы. Наградаларды табыс ету рәсімі дүйсенбі күні Әбу-Дабиде өтті.

Ал «Жыл командасы» аталымындағы наградаға Испанияның футбол командасы ие болса, мотоспортшы Валентино Росси «Жылдың оралуы» деп танылды. Сондай-ақ атақты Зинедин Зиданға футболшы мансабындағы жетістіктері үшін сыйлық табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар