Рафаэль Надаль «Реалдың» президенті болғысы келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рафа өзі жанкүйерлік танытатын футбол клубын басқарғысы келетінін хабарлады, деп жазады 24.kz.
«Әрине, «Реалдың» президенті болғым келеді. Болашақта не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Дегенмен қазіргі президентіміз де жақсы. Сондықтан жақын арада «Реалға» көмегім тиеді деп ойламаймын», - дейді Надаль Sportsnews Online сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізде болса, испан теннисшісі Рафаэль Надаль Australian Open-2017 додасының финалында швейцариялық Роджер Федерерге есе жіберген болатын.