Рафаэль Надаль жылдың қорытынды турниріне қатысудан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық теннисші Рафаэль Надаль Лондонда өтетін қорытынды турнирге қатысудан бас тартты, деп хабарлады "Р-Спорт".
Надальдің Базелде және Париждегі турнирлерден соң соқыршекке байланысты кейінге қалдырылған отаны жасату үшін Испанияға баратыны хабарланды.
28 жастағы испандықтың жоспарына сәйкес бұл жаңа маусымға дайындалу үшін біраз уақыт үнемдеуге және Дохадағы турнирге қатысуға мүмкіндік береді.Надаль 13 қазандағы жағдай бойынша Кәсіби теннисшілер қауымдастығының Чемпиондық бәсекесінде үшінші орында келеді.