Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Рафаэль Уразбахтин
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Клуб басшылығы бұл шешімін қабылдап, өтінішін қанағаттандырды.
Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанды. Оның басшылығымен алғашқы маусым қорытындысы бойынша алматылық клуб Қазақстан чемпионы атанды.

2025 жылы оның жетекшілігімен «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады. Клуб тарихында алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда UEFA Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, ел біріншілігінде күміс жүлдегер атанды.

Бас бапкер міндетін енді бұған дейін «Қайрат-жастар» тізгінін ұстаған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалады.