Рахат Әлиев «Нұрбанк» топ-менеджерлерін өлтіру жөніндегі іске қатысты ұсталды - ҚР Бас прокуратурасы
«2014 жылдың 5 маусымында Австрия Республикасының құқық қорғау органдары Вена қаласында Р.М.Әлиевті ұстаған.
Вена қаласының прокуратурасы өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, Р.М.Әлиевті ұстауға «Нұрбанк» АҚ топ-менеджерлері Ж.Темірәлиев пен А.Хасеновті ұрлау және өлтіру фактісі бойынша тергеу материалдары негіз болған.
Мұның алдында осы айыптаулар бойынша экстрадиция жасаудан бас тартылғандығына байланысты қазіргі уақытта бұл тергеу жұмыстарын Австрияның құзыретті органдары жүргізуде.
Австриялық тарап осы іс бойынша құқықтық көмекке жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны тиісті көлемде көрсетуге дайын.
Австриялық тараптан осы іс бойынша ресми ақпараттың түсуі туралы қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.