Рахат Әлиевтің кітабын Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынды ? Бас прокуратура

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Рахат Әлиевтің кітабындағы мемлекеттік құпия ақпараттар, шындыққа жанаспайтын және адамның жеке өміріне қатысты тұстарды ескеріп, оның Қазақстан аумағында таралуына тыйым салды.

Рахат Әлиевтің кітабын Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынды ? Бас прокуратура
Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің жарыққа шыққан кітабының мазмұнынан таралуына тыйым салынатын жақтары бар екендігін анықтап, соған байланысты мамырдың 15-інде екі қылмыстық іс қозғады. Бұл істерді Прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеуіне тапсырды. Өз кезегінде ҰҚК-нің тергеушілері кітаптың ішіндегі мемлекеттік құпия ақпараттар, шындыққа жанаспайтын және адамның жеке бас өміріне нұқсан келтіретін тұстарды ескеріп, оның Қазақстан аумағында таралуына тыйым салу жөнінде қаулы шығарған. «Бұл кітаптың таралуына тыйым салатын Қазақстанның заңдық нормалары бар. Сондықтан барлық таралымы, мәтіндері қылмыс заты және заттық дәлел деп танылды. Ал Қазақстан заңнамасы бойынша заттық дәлел тәркіленіп, қылмыстық іске қатыстырылады», - деді ресми өкіл.