Рахат Әлиевтің саяси-криминалды өмірінен сыр шертетін жаңа кітап жарыққа шықты
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазіргі заманғы тарихқа қызығушылығы мол көзіқарақты қазақстандық оқырмандарға «Искушение властью. Хроники политического маньяка» атты кітапты оқуға мүмкіншілік туып отыр.
«Ол бірнеше жылдың ішінде медицина қызметінің лейтенаты шенінен қауіпсіздік органдарының генералына, ал аға ғылыми қызметкерден қант короліне әрі медиамагнатқа айналып шыға келді. Дегенмен тәбет түскі ас үстінде ашылады...
Нақты деректер негіз болған бұл кітап жаңа қазақстандық тарихтың астаң-кестеңін шығарған криминалды-саяси триллердің тек бірқатар эпизодтарынан ғана сыр шертеді. Ол Рахат Әлиев ауруының тек шағын тарихын ғана баяндайды», - делінген кітаптың алғысөзінде.
Оқырмандар кітаптың электронды нұсқасын мына жерден басып ала алады.